РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ

Ауданның бас мәдени ошағында 25 қазан - Республика күніне орай салтанатты шара өтті.

Шара барысында өңірдің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтар марапаттармен қадірленді.

Аудан әкімі А.Жақсылықов:
"Республика күні - бұл тек күнтізбедегі мереке емес, бұл - ел бірлігі мен мемлекет тұтастығының нышаны. Биыл Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. 1990 жылы қабылданған бұл құжат Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына жол ашқан тарихи шешім болды. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - еліміздің саяси, экономикалық және рухани дербестігін жариялаған аса маңызды құжат. Сондықтан да бұл мереке - халқымыздың ғасырлар бойғы азаттық арманының жүзеге асқанының айғағы" - деп ұлттық мерекенің мән-маңыздылығын атап өтті.

Аудан өнерпаздары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аудан тұрғындарын бірлік пен патриотизм рухына бөледі.