
Аудан әкімі А.Жақсылықов тұрғындармен жоспарлы есептік кездесуін бастады.
Алғашқы кездесу Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші, Сартоғай және Алтықарасу елдімекендерінде өтті.
Кездесулер барысында округ әкімі Т. Макин өңірде атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Сонымен қатар, тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кездесуді қорытындылай келе аудан әкімі А. Жақсылықов:
“Халықпен ашық диалог — тиімді басқарудың негізі. Әрбір ұсыныс пен пікір назардан тыс қалмайды. Басты мақсат — тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса береді,” — деді.
Сондай-ақ, аудан басшысы округ әкімі Т. Макинге тұрғындар тарапынан көтерген мәселелерді назарға алуды және барлық атқарылған жұмыстардың сапасы мен уақытылы орындалуына ерекше мән беру қажетілігін ескертті.