ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС - САПАЛЫ НӘТИЖЕ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС - САПАЛЫ НӘТИЖЕ

Аудан әкімі А.Жақсылықовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
- Аудандық архивке құжаттарды қабылдау бойынша жүргізілген жұмыстар;
- 2025 жылдың 9 айында ветеринария саласында атқарылған жұмыстардың есебі.

Аудан басшысы қаралған мәселелерге жауапты тұлғаларды тыңдай келе:
“Әр саладағы жұмыстар жүйелі әрі уақытылы атқарылуы қажет. Архив ісінде құжаттардың сақталуы мен қолжетімділігі маңызды. Зейнеткерлікке шыққан әр тұрғын өзінің еңбек жолынан мәліметтерді жинақтаған сәттерде архивте толық мағлұматтың болуы тікелей мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігінде”,- деп, барлық мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларына құжаттарды реттеу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыланып:
• аудан аумағындағы жануарлар арасында жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу;
• ⁠Маусымдық аурулардың алдын алу шараларын күшейту;
• ⁠Вакцинация және диагностикалық тексеру жұмыстарын уақытылы әрі толық орындау жүктелді.