2025 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 16,51 млн АҚШ долларына 126 468 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды
🏠 Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 10,56 млн долларға 78 862 өтініш орындалды:
▪️ $10,32 млн – тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру (76 954 өтініш)
▪️ $77,82 мың – ипотекаға бастапқы жарна ретінде (619 өтініш)
▪️ $57,02 мың – азаматтық-құқықтық мәмілелер арқылы тұрғын үй сатып алу (478 өтініш)
🎓 Білім беру үшін төлем жасауға
5,95 млн долларға 47 606 өтініш орындалды:
▪️ $5,29 млн – Қазақстанда оқу ақысын төлеу (41 870 өтініш)
▪️ $475,14 мың – білім беру жинақ салымын толықтыру (4 163 өтініш)
▪️ $151,67 мың – шетелде оқу ақысын төлеу (1 284 өтініш)
Кәмелетке толған азаматтар өтінішті онлайн бере алады:
🔹 “Отбасы банк” АҚ
🔹 “Қазақстан Халық Банкі” АҚ
🔹 “Банк ЦентрКредит” АҚ
Нысаналы жинақтарды enpf.kz жеке кабинеті арқылы тексеруге болады.
Толығырақ: kids.enpf.kz
Видео нұсқаулық: @enpf_kz YouTube арнасы