АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Аудан әкімі А.Жақсылықовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде екі өзекті мәселе қаралды:

🔹 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық барысы;
🔹 Мемлекеттік сатып алу саласындағы 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер.

Аудан басшысы өз сөзінде білім беру ұйымдарындағы жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарына қатысты бірқатар мәселелерге тоқталып, белгіленген мерзімге сәйкес жоспарлы жұмыстарды іске асыру қажеттілігін ескертті.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу процесінде ашықтық пен тиімділіктің сақталуын тапсырды.