«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 13,34 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 13,34 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды

2025 жылғы 1 маусымдағы деректерге сәйкес, барлығы 108 694 өтініш орындалып, 13,34 млн АҚШ доллары тиісті өтініш берушілердің банк шоттарына аударылды.

📌 Қаражат қайда бағытталды?

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға - 7,95 млн АҚШ доллары (64 325 өтініш):
▪️ $7,77 млн - тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру (62 749 өтініш)
▪️ $57,78 мың - ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде (496 өтініш)
▪️ $44,69 мың - азаматтық-құқықтық мәміле арқылы тұрғын үй сатып алу (407 өтініш)

Білім беру шығындарын өтеуге - 5,38 млн АҚШ доллары (44 369 өтініш):
▪️ $4,79 млн - Қазақстан аумағындағы оқу орындарының қызметтеріне төлем (39 065 өтініш)
▪️ $437,15 мың - білім беру жинақ салымын толықтыру (3 935 өтініш)
▪️ $122,91 мың - шетелдік оқу орындарында оқуға төлем (1 113 өтініш)

💡 Еске саламыз, биыл еліміздің барлық балаларына Ұлттық қордан мақсатты қаражат кезекті рет бөлінді.
Бұл жинақты толық немесе ішінара пайдалануға болады. Қолданылмаған сома Мақсатты жинақ шотында (МЖШ) сақталады.
📱 Кәмелет жасына толған азаматтар өздерінің МЖШ-дағы қаражаты туралы мәліметті БЖЗҚ жеке кабинеті немесе eGov порталы арқылы қарап, кейін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алу мақсатында қаражатты пайдалану үшін уәкілетті операторға онлайн-өтініш бере алады.
👉 Толық ақпарат: kids.enpf.kz
🎥 Бейне-нұсқаулық: YouTube