ЖОСПАРЛЫ МЕЖЕ МЕН ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР ҚАРАЛДЫ

ЖОСПАРЛЫ МЕЖЕ МЕН ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР ҚАРАЛДЫ

Аудан орталығында қорытынды және жоспарланған шаралар бойынша арнайы аппараттық мәжіліс өтті.

Мәжіліс барысында:
- 2025-2026 жылдарға мал қыстату науқанына мал азығын дайындау барысы;
- Аудан бойынша 2025 жылдың I жартыжылдығында жұмыспен қамту бағдарламасының орындалу барысы;
- ⁠Шұбарқұдық күнін атап өту мәселелері қаралды.

Мәжіліске қатысқан аудан әкімі А.Жақсылықов мал азығын дайындау жоспарын толық орындауды және жеке қосалқы шаруашылықтарды азықпен қамтамасыз ету шараларын күшейтуді, мал азығының нарықтық бағысын қадағалауды тапсырды.

Сонымен қатар, өңірдегі әлеуметтік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды және әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға жәрдем беру және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көмек көрсету бағыттарында нақты шаралардың жүзеге асырылуын қадағалау және ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, аудан орталығында тұңғыш рет атап өтілетін Шұбарқұдық кенті күнін өз деңгейінде ұйымдастырып, теміржолшылар мен мұнайшылардың кәсіби мерекесін мерекелеуді алдын ала жоспарлауды ескертті.