Аудан әкімі А.Жақсылықовтың жоспарлы есептік кездесулері аудан орталығы Шұбарқұдық ауылдық округінде жалғасты.
Кездесулер Шұбарқұдық ауылдық округіндегі Қазақауыл, Задепо, Теріскей, Аққұдық аймағы мен Вокзал алаңы және Қызылжар мөлтек ауданында өтті.
Кездесу барысында округ әкімі Б.Сауытов округ бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы нақты атқарылатын жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, сауалдар қойылды.
Аудан әкімі көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар рет-ретімен шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, ауылды абаттандыру бойынша жоспарлауды тиісті деңгейді ұйымдастыруды, ал жоспарланған шараларды уақытылы, талапқа сай орындауды тапсырды.