САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Аудан әкімі А.Жақсылықовтың жоспарлы есептік кездесулері Саркөл ауылдық округінде жалғасты.

Есептік кездесулер Саркөл ауылдық округіне қарасты Қопа, Құмсай және Шұбарши елдімекендерінде өтті.

Кездесулер барысында округ әкімі М.Шүйіншалиннің округ бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалып, ауылды абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныс-тілектер кездесудің хаттамасына енгізіліп, мәселелердің шешілу жолдары қарастырылатындығын жеткізді.

Сонымен қатар, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.