ПОЛИЦИЯ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ ЖЫЛДЫ
ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ.
12 ақпан күні Темір ауданы полиция бөлімінің, бастығы полиция подполковнигі Б.А Бақтығалиев және учаскелік полиция инспекторы А.Ә Молдағазы
Жақсымай ауылдық округінде тұрғындармен есеп беру жиынын өткізді.
Кездесуде Темір ауданы ПБ 2023 жылы атқарылған
жұмыстары мен ҚР ІІМ және ПБ басшылығымен
2024 жылғы жоспарын және нұсқаулықтарын
орындау мақсатында есеп берілді.
Оның ішінде аса назар мал ұрлығы, алаяқтық және жол көлік оқиғасының алдын алу жасөспірімдердің
арасындағы қылмысты болдырмау бағытында
түсіндіру жұмыстары жүргізіліп және де ауыл
тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Жиын соңында
ауданымыздың құқық қорғау саласын дамытуға
қосқан үлесі үшін 4 тұлғаға Темір ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі
Б.Бақтығалиевтің Алғыс хатымен марапатталды!
Қазақстан Республикасының 2004 жылы
9 шілдедегі 599 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
азаматтардың қатысуы туралы заңына сәйкес 12
ақпан айы 2024 жылы Жақсымай ауылдық округінде
Темір ауданы ПБ бастығы полиция подполковнигі Б.
А. Бақтығалиев 2 тұлғаға Полиция қоғамдық
көмекшісінің куәлігін табыстады.