АУДАН БАСШЫСЫ ТЕМІР ҚАЛАСЫНДА

АУДАН БАСШЫСЫ ТЕМІР ҚАЛАСЫНДА

Бүгін аудан әкімі А.Жақсылықов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жылға жоспарларымен танысу мақсатында Темір қалалық округіне жұмыс сапарымен барды.

Алдымен аудан басшысы Темір қаласындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аудан әкімі округ аумағындағы мекемелерінің жұмыс барысын қарап шығып, округ әкімі Е.Далмағамбетовты жылдың қорытындысы және алдағы жылғы жоспары бойынша тыңдады.

Сондай-ақ, аудан басшысы округ әкіміне басты мақсат Темір қалалық округінің экономикалық даму әлеуетін көтеру және ауыл тұрғындарының жағдайын жасау екенін ескертіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге байланысты нақты шаралар қабылдауды және құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, ауданның экологиялық ахуалын оңтайландырудағы жұмыстардың басым көпшілігі Темір орман шаруашылығы мекемесіне тиесілі екенін негізге ала отырып, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында елдімекендерді көгалдандыру мақсатында жаңа жобалар енгізу қажеттігін атап өтті.