ТЕМІР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТЕМІР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

03.06.2024 жылы аудан әкімі С.Аманбаев Темір қалалық округі әкімі аппараты ұжымына округтің жаңадан сайланған әкімі Далмағамбетов Еркін Оразбекұлын таныстырды.

Тағайындауға аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, Темір ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә. Мұстафин қатысты.

Сонымен қатар, тағайындау шарасына еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындары да қатысты.

2024 жылдың 2 маусымында өткізілген Темір ауданы, Темір қаласының әкімі сайлауының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағына және аудан әкімінің 2024 жылдың 3 маусымындағы №53 өкімімен Далмағамбетов Еркін Оразбекұлы Темір ауданы Темір қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі округ әкімінің алдында тұрған міндеттерді атап өтіп, жаңа басшының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттерді атап өтті.

Шара соңында аудан әкімі Е.Далмағамбетовке елдімекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында бірқатар жаңа міндеттерді жүктеді.

Сонымен қатар, аудан әкімі 8 жыл бойына Темір қалалық округінің әкімі қызметін атқарған А.Қоқановты қызметінен босату жөніндегі бұйрығын оқып беріп, оған лауазымдық қызметі барысында біліктілігі мен күш-жігері арқылы елдімекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.