Аудан әкімі А.Жақсылықовтың, Темір қаласының әкімі М.акимовтың жоспарлы есептік кездесулері Темір қалалық округінде жалғасты.
Кездесулер Жамбыл ауылы мен Темір қаласында өтіп, оған жергілікті тұрғындар, ардагерлер және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Темір қаласының әкімі М.Акимов округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар жан-жақты талқыланып, аудан әкімі А.Жақсылықов жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Әсіресе, елдімекендердің санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік нысандардың жай-күйін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға басымдық беру қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.