
Аудан әкімі А.Жақсылықов Темір қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар құрылыс нысандарындағы жұмыстардың барысымен танысты.
Аудан басшысы алдымен «Темір қаласы Абай, А.Такенов, Ә.Молдағұлова көшелерінің автомобиль жолының құрылысы» жобасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын қарады. Аталған жобаның мердігері – «Den Group Plus» ЖШС. Жобаның жалпы ұзындығы – 2,486 шақырым. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолы салынып, 75 дана көше жарығы орнатылады. Қазіргі таңда нысанда жол негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімі С.Бәйішев атындағы орта мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысын да көрді.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі А.Жақсылықов мердігер мекемелерге құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасына баса мән беруді тапсырып, барлық жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуы қатаң бақылауда екенін атап өтті.
“Халыққа қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан әрбір жоба сапалы жүзеге асырылуы тиіс”, — деді аудан әкімі.