Темір қаласында жаңа балабақша ашылды

Темір қаласында жаңа балабақша ашылды

      Қаламыз  үшін қуанышты әрі маңызды жаңалық орын алды.

Жеке кәсіпкер Бердібек Жақсылықұлы Күзембаев және мердігер Бауржан Бүркітұлы Аяповтың бастамасымен  әлеуметтік маңызы зор нысан – жаңа балабақша өз жұмысын бастады. Заманауи талаптарға сай жаңа балабақша салынып, пайдалануға берілді. Бұл – қала тұрғындары үшін үлкен әлеуметтік қолдау және балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына жасалған нақты қадам.Жаңа балабақша барлық санитарлық және қауіпсіздік  талаптарына сай жабдықталған.  Мұнда балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген. Кең әрі жарық топ бөлмелері, ойын алаңдары, демалыс және асхана бөлмелері толықтай қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Балалардың жас ерекшеліктеріне сай тәрбиелік және білім беру жұмыстарын жүргізіп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасалған.  Жаңа нысанның ашылуы ата-аналар үшін үлкен қолдау болып отыр. Бұл игі бастама  жұмыссыздықты азайтуға да өз үлесін қосып отыр, себебі жаңа жұмыс орындары ашылды.Тұрғындар жеке кәсіпкер Бердібек Жақсылықұлы Күзембаевпен  мердігер Бауржан Бүркітұлы Аяповқа  алғыстарын білдіріп, болашақта мұндай игі істердің жалғасын табуына тілектестік білдіруде. Жаңа балабақша  қаламыздың әлеуметтік дамуына оң әсер етіп, жас ұрпақтың жарқын болашағына негіз болады деп сенеміз.