
Темір қаласында Республика күні қарсаңында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, қолданысқа берілді. Заманауи талаптарға сай салынған кешенде спорттың бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Нысан қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған және барлық жас санатындағы тұрғындарға қолжетімді. Жаңа кешен бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.