Аудан әкімі С.Аманбаев Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Алтықарасу және Еңбекші ауылдарында көгілдір отын беруді іске қосу шарасына қатысты.
Аталған шараға аудан әкімімен бірге облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы А.Айтбаев, Алтықарасу ауылдық округі әкімі Ә.Боранқұлов, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Аудан әкімінің есептік кездесулері кезінде ауыл тұрғындары газ мәселесін бірнеше мәрте көтерген болатын.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының өтініштері қанағаттандарылып, аталған елдімекендерге көгілдір отыны берілді.
Алтықарасу және Еңбекші ауылдарына газ құбырларын тарту және ауылішілік газ құбырын салу жобасының бас мердігері – «ЕРЗАТ» ӨК.
Шара барасында аудан әкімі бүгінде ауданға қарасты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқандығын және жыл сайын, халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында, аудан тұрғындарының жайлы тұрмыс кешуіне ең қажетті ауыз су, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып жатқандығын, сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен тілектері назарға алынып, Алтықарасу ауылдық округіне қарасты екі елдімекенге газ желілерін тарту жұмыстары толығымен жасалғандығын атап өтіп, құрылыс жұмыстары жүргізілу кезінде төзімділік таңытқан жерлестеріне ризашылығын білдірді.