2025 жылдың 11-15 ақпан аралығында Ақтөбе қаласындағы Олимпиада резервін даярлау орталығының спорт ғимаратында бокстан 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында "Біз нашақорлық пен есірткіге қарсымыз!" акциясы аясында және зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шара ретінде, сондай-ақ Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 36 жылдығына арналған ашық облыстық турнир өтті. Жарысқа 16 салмақ дәрежесі бойынша 140-қа жуық боксшы қатысты.