Қазақстандық садақшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

Қазақстандық садақшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

Қазақстандық садақшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшылары осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген дайындықтарын қыздыра түсті. Садақшылар дүбірлі додада сайыс өтетін алаңда, яғни «Қазанат» ипподромында шеберліктерін шыңдап жатыр.

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, бүгінде ДКО аясында өтетін дәстүрлі садақ ату сайысына қатысуға 35 мемлекеттен өтініш түскен.
«Қазір аккредация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Байрақты бәсекеде Түркия, Малайзия, Қырғызстан, Венгрия, Ресей сынды мемлекеттердің садақшылары жақсы өнер көрсететіні белгілі. Дегенмен, біздің спортшыларымыз өздерінің мықтылығын дәлелдейтініне сенімдімін», - дейді ол.

Көшпенділер ойындарына деген дайындықтары жайлы дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшелері де айтып берді.
«Бұл бәсеке біздің алаңда өтетін болғандықтан мойнымызда зор жауапкершілік бар екенін білеміз. Ал сайыс өтетін алаңда жаттығу біз үшін жақсы мүмкіндік. Өйткені бұл жерді толық зерттеп, климатын, жел жылдамдығын, нысананың орналасуы сынды маңызды тұсттарды түртіп алып жатырмыз», - деп атап өтті садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Бақберген Сәлімов.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына өте аз уақыт қалды. Әрине, біз дайындығымызды қыздыра түстік. Менің ойымша, байрақты бәсеке елімізде өтетіндіктен, міндетті түрде көпшілікті алтынмен қуантамыз», - дейді садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Ажар Рахметқызы.

Еске сала кетейік, Республикалық «Дәстүрлі садақ ату» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Көкпар», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі
Казахстанские лучники тренируются на площадке проведения Всемирных игр кочевников в Астане

Национальная сборная по традиционной стрельбе из лука активно готовится к предстоящим 5-м Всемирным играм кочевников, которые пройдут в сентябре этого года в Астане. Так, казахстанские лучники проводят тренировки и оттачивают свое мастерство на территории столичного ипподрома «Казанат», где будут проходить основные соревнования.

По словам старшего тренера национальной сборной по садак ату Диаса Ахметова, на сегодняшний день для участия в соревнованиях по традиционной стрельбе из лука в рамках ВИК поступили заявки от представителей 35 стран мира.

«Сейчас идет процесс аккредитации. Хорошую подготовку показывают лучники из Турции, Малайзии, Кыргызстана, Венгрии, России. Я думаю, что наши спортсмены покажут свой высокий уровень на предстоящих соревнованиях», - подчеркнул он.

О ходе подготовке к Играм кочевников рассказали спортсмены – члены национальной сборной по садак ату.
«Учитывая, что соревнования будут проходить в нашей стране, мы чувствуем большую ответственность. Это уникальная возможность тренироваться на площадке, где будут проходить Всемирные игры кочевников, поэтому мы специально проводим наш последний учебно-тренировочный сбор именно здесь, чтобы изучить климатические условия, направление ветра, видимость мишеней», - отметил член национальной сборной по садак ату Бакберген Салимов.

«До старта 5-х Всемирных игр кочевников осталось совсем немного времени, мы усилили нашу подготовку. Я думаю, что на нашей родной земле мы покажем наш высокий уровень и принесем золото для Казахстана», - сказала член национальной сборной по садак ату Ажар Рахметкызы.

Напомним, что республиканская федерация садақ ату входит в состав Ассоциации национальных видов спорта РК. Кроме того, в состав Ассоциации входят федерации байге, аударыспақ, кокпар, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» и др. Возглавляет Ассоциацию национальных видов спорта РК Исламбек Салжанов.
Стоит отметить, что 5-е Всемирные игры кочевников пройдут 8-13 сентября. Ожидается, что в мероприятии примут участие порядка 2000 участников. Генеральным спонсором 5-х Всемирных игр кочевников является отечественная технологическая компания ALAGEUM ELECTRIC, а главным партнером системообразующий универсальный коммерческий банк страны страны – Halyk Bank. На Всемирных играх кочевников в Астане будет разыграно 97 комплектов медалей по 21 виду спорта.

Пресс-служба Ассоциации национальных видов спорта РК