АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті ақтөбеліктер!

Бауырлас Түркия Республикасында болған оқиға барлық тұрғындарды қатты толғандырды. Халқымыз түрік елінің қайғысымен бөлісуде.

Біз, ақтөбеліктер, барша қазақстандықтар секілді бұл хабарды ауыр қабылдадық.

Бұл — ортақ қайғы. Халықтың бірлігі осындай қиыншылықта сыналады.  Қазір ел болып Түркия тұрғындарына қол ұшын созуда. Ақтөбе облысы бұл істен тыс қалмайды.

Біз Түркия еліне көмектесуді өзіміздің азаматтық борышымыз деп санаймыз және барша жерлестерді қол ұшын созуға шақырамыз.

Тек бірлік арқылы ғана кез келген қиындықты, қайғыны жеңеміз!

Бауырлас түрік еліне гуманитарлық көмек көрсету мақсатында әр өңір бойынша көмек қолын жинап, бекітілген мекенжайлар бойынша ерікті жандар ашылған пункттерге әкелуде.

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР (ескі заттарды әкелмеулеріңізді сұраймыз):

- Жылы көрпелер мен жастықтар, матрастар, ұйықтауға арналған қаптар (спальный мешок);

- Рюкзак, термос, қол шамы, май шамы, пауэрбанк, жылыту құралдары;

- Балаларға арналған сүт қоспалары, емізу бөтелкесі, памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер, т.б.);

- Қысқы киім (ересектер мен балаларға), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, іш киім және басқа материалдар.

 

Біз – түрік бауырларымызбен біргеміз!

 

Сіздердің назарларыңызға өңірдегі гуманитарлық көмек қабылдау пунктерінің келесі мекенжайларын ұсынамыз:

  1. Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты (Достық үйі), Сәңкібай батыр даңғылы 20 «А», 110 каб.;
  2. «More Life» қоғамдық қоры, Ағайынды Жұбановтар көшесі 276 «Б», 312 кеңсе;
  3. «Жаңақоныс» ауылы, Мұханбетқалиұлы 3 көшесі, бұрынғы пошта бөлімшесінің ғимараты.

 

Сондай-ақ қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:

Қоғамдық қор: SHANIRAQ Aqtobe

ИИН: 180540002990

Счет номері: KZ8296515F0007466915 KZT

КБе: 18

БИК: IRTYKZKA

Банк атауы: «ForteBank» АҚ Ақтөбе қ. филиалы

 

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі жауапты мамандарға хабарласуға болады:

8 701 722 05 63 (Ләззат Аманжолқызы)

8 701 951 42 99 (Полина)

8 776 126 93 73 (Бибігүл)

8 747 459 38 80 (Құралай)