Спорт деген - Ұлы Әлем!

Спорт деген - Ұлы Әлем!

24 тамыз күні қаламызда Триатлон саябағында “Спорт күні” атап өтілді. Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин өз құттықтау сөздерін жеткізді. Спорттық іс-шараға қаламыздың спорт басқармасының қызметкерлері, басқармаға қарасты қала және аудандық мектеп директорлары,  үздік спортшылары мен спорт ардагерлерінің қатысуымен өтті. Әлем, Азия және Қазақстан чемпиондары марапатталып, құттықтау сөздері берілді. Сондай-ақ Облыс әкімі өз қолымен ең үздік деген үш спортшымызға өз атынан сыйлық табыстады. Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Евгений Владимирович Гончаров мырза, спорт ардагерлеріне арнайы төс белгі табыстады. Басқарма басшысы сондай-ақ қалалық және аудандық спорт мектептердің директорлары мен  қызметкерлерін алғыс хаттар және дипломдармен марапаттап, осы салада атқарған қызметтері үшін алғыс сөзінбен аяқтады.
Қазақстан Республикасының Президенті алғыс хаты мен төс белгісі табысталды.
Марапатқа ие болған әр жанды шын жүректен құттықтаймыз. Спорт күні құтты болсын.