Владимир Дворковичтің мемориалы-Aktobe Open 2022 " Халықаралық шахмат фестивалі басталды

Владимир Дворковичтің мемориалы-Aktobe Open 2022 " Халықаралық шахмат фестивалі басталды

ПРЕСС-РЕЛИЗ

         2022 жылдың 13-23 маусымы аралығында  Ақтөбе қаласында «Владимир Дворкович мемориалы – Aktobe Open 2022» халықаралық шахмат фестивалі «Өнер орталығы» ғимаратында өтеді. Фестивальға еліміздің барлық аймақтарынан және жақын шет елден жалпы саны 200-ден астам шахматшы қатысады.

         Оның ішінде 11– Халықаралық гроссмейстер, 8-Халықаралық шебер,  7 - ФИДЕ шебері,  4 - әйелдер арасындағы халықаралық шебер,  2 - әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер,  1 - әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері қатысады. Фестиваль келесi турнирлерден тұрады:

Open - 9 тур;

Youth Open U14 (балалар турнирі) - 9 тур;

Rapid - 9 тур;

Blitz - 11 тур.

Еліміздің және жақын шет елдің мықты шахматшылары 13 600 000 теңге жүлде қорын сарапқа салады.

Фестивальдің құрметті қонақтары: Дүниежүзілік шахмат федерациясының президенті – Дворкович Аркадий Владимирич, Қазақстан Шахмат федерациясының президенті – Хусаинов Галим Абильжанович, Қазақстан Шахмат федерациясының вице-президенті – Балгабаев Берик Туктыбекович, В.Дворковичтің зайыбы - Дворкович Галина Львовна, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Исмагамбетов Ануар Мухтарович.

Фестивальдің ашылуы – 14 маусым 2022 жыл, сағат 12:00, Әбілқайыр хан даңғылы 90 Б, Өнер орталығы ғимараты;

Фестивальдің жабылуы – 22 маусым 2022 жыл, сағат 17:00, Әбілқайыр хан даңғылы 90 Б, Өнер орталығы ғимараты.