«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
📃 Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

🔎 Конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық (қалалық) кезең, екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.

🗓 Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.

🔈 Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.

🔎Толығырақ⤵️
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000181

@aqparatqogam