Ерлер, әйелдер және жастар арасында "64" шаршы дойбы бойынша Қазақстан Республикасының жеке чемпионаты басталды.

Ерлер, әйелдер және жастар арасында "64" шаршы дойбы бойынша Қазақстан Республикасының жеке чемпионаты басталды.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2022 жылдың 24 сәуір – 4 мамыр күндері Ақтөбе қаласында «64» шаршы дойбыдан Қазақстан Республикасының ерлер, әйелдер және жастар арасындағы жекелей чемпионаты «Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ғимаратында өтеді. Аталған чемпионатқа еліміздің аймақтарынан 80-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Атап айтқанда:

  1. Алматы облысы;
  2. БҚО командасы;
  3. Қарағанды обл.командасы;
  4. Қостанай обл.командасы;
  5. Маңғыстау обл.командасы;
  6. Нұр-Сұлтан қаласы;
  7. Павлодар обл.командасы;
  8. Түркістан обл.командасы;
  9. Шымкент қаласы;
  10. Ақтөбе обл.командасы.

Чемпионат швейцарлық жүйеде 9 турдан тұрады, 3 номинация классика (45 минут+10 секунд), рапид (7 минут+5 секунд), блиц (3 минут+2 секунд). Жарыстың ашылу және жабылу салтанатына Дойбыдан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Қапаев Дастан Исатайұлы және Қазақстан дойбы федерациясының атқарушы директоры Наралиев Ақылбек Наркулович қатысады.

Ақтөбе облысының намысын – Айтмухамбетов Асылхан (ҚР Спорт шебері, Әлем, Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР чемпионы және басқа да облыс құрамасының мүшелері қорғайды.    

Жарыстың бас төрешісі: Коваленко Степан Николаевич (Ақтөбе қ., Жоғарғы санатты ұлттық спорт төрешісі);

ҚРЧ ашылуы – 25 сәуір 2022 жыл, сағат 14:00, Әбілқайыр хан даңғылы 56 Е, ИСТ ОМБЖСМ ғимараты;

ҚРЧ жабылуы – 03 мамыр 2022 жыл, сағат 16:00, Әбілқайыр хан даңғылы 56 Е, ИСТ ОМБЖСМ ғимараты;