Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұқаралық спортпен айналысатын облыс тұрғындарының үлесі 34,6% құрады (2020ж. – 32,3%).
Жылдан – жылға қолданысқа беріліп жатқан спорт нысандарының саны артуда.
Былтырғы жылы бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 60 бірлік жаңа нысан іске қосылған болатын.
Ағымдағы жылы жаңадан 91 спорт нысандарының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, олардың ішінде Ақтөбе қаласында «Үстел теннис орталығы», «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық», «Футбол академиясы», аудандарда бой көтеретін 5 дене шынықтыру-сауықтыру және 14 ангар типтес кешен және т.б.
Сонымен қатар, жалпы құны 622 млн. теңгеге «Дельфин» бассейні, футболдан олимпиада резерв мектебі қайта жаңғыртудан өтеді.