Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы жекелей V Азия чемпионаты өтуде

Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы жекелей V Азия чемпионаты өтуде

2021 жылдың 6-14 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы жекелей V Азия чемпионаты өтуде. Аталмыш Азия чемпионаты қаламызда тұңғыш рет өткізілуде. Ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы V Азия чемпионатына 12 елден келген спортшылар қатысуда. Атап айтқанда:
1. Ауғанстан;
2. Бангладеш;
3. Индия;
4. Қырғызстан;
5. Қытай;
6. Пәкістан;
7. Моңғолия;
8. Түркия;
9. Түркменстан;
10. Ресей;
11. Өзбекстан;
12. Қазақстан.
Жарыстың классикалық түріне - 40 спортшы, блицке - 40 спортшы жолдама арқылы және де рапид түріне жалпы саны – 150-ге жуық спортшы бақтарын сынауда. Жарыстың ашылу салтанатына тоғызқұмалақтан Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары – Бұлбұл Ораққызы Елеусінова, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушысы Д.Қапаев, Халықаралық тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті М.Шотаев, бас жаттықтырушы С.Ақтаев. қатысты. Қазақстан намысын 24 ақтөбелік қорғайды. Жарыстың классика түрінен жерлестеріміз - Кенина Диана Асқарқызы (ХДСШ, ұлттық құрама мүшесі) мен Қайдаров Азамат (ҚР СШ, ұлттық құрама мүшесі) тікелей жолдама алды.
Ашылу салтанаты – 7 желтоқсан, сағат 15.00, Қ.Жұбанов университетінің концерт залында өтті.