ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Қарашаның 20-21 күндері Есет батыр атындағы мектеп-интернат-колледж спорт кешенінде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Есенкелді Батырғаринды еске алуға арналған турнир жалауын көтерді.

Турнирде көршілес Қырғызстан Республикасы және еліміздің әр облыстарынан келген спортшылар сынға түсті. Шараның ашылу салтанатына Есенкелді Батырғариннің әріптестері мен спорт басқармасының басшылары қатысты.
Аталмыш жарыс негізгі олимпиадалық спорт түрі ретінде грек-рим күресін жастар арасында кеңінен насихаттау және беделін арттыру, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатымен өткізілген болатын.

Кеңес Одағы кезінде қазақ балуандары арасында кіші Олимпиадаға баланған КСРО халықтық Спартакиадасында үш қазақ жеңімпаз атанған болатын. Соның бірі- Есенгелді Батырғарин. Ол жеңіп қана қоймай көз ілеспе жылдамдығымен рекорд орнатқан еді. Есенкелдінің көрсеткен нәтижесін 20 жыл бойы ешкім бұза алмады.

Ал спортшының әріптес достары Мейрамбек Айнағұловты Есенкелдінің жалғасы деп біледі. Есенкелді Батырғарин - қысқа ғұмырында халықаралық дәрежедегі спортшы атағына дейін қол жеткізіп, КСРО халықтарының спортакиадасы мен Әлем және КСРО кубогын жеңген болатын. Оның спорттағы жарқын сәттері өскелең ұрпаққа үлгі, мақтаныш.

Жыл сайын ДӘСТҮРЛІ түрде өтіп келе жатқан жарысқа Біріккен Әлемдік Күрес Федерациясының (UWW) талаптарына сай 55 кг, 60 кг, 63 кг, 67 кг, 72 кг, 77 кг, 82 кг, 87 кг, 97 кг, 130 кг салмақ дәрежесіндегі балуандар белдесті.

55кг
1. Камалиев Ербол (Алм.обл)
2. Истай Есен (Есет батыр)
3. Курбаев Исхар (Алм.обл)
3. Ізімғалиев Саматбек (Ақтөбе)
60кг
1. Сайлауов Диас (Есет батыр)
2. Қабыл Бақытжан (Алм.обл)
3. Бұғыбай Ардақ (Қызылорда)
3. Даулетбек Ерасыл (Қарағанды)
63кг
1. Байшекеев Раззак (Қырғызстан)
2. Сағитжан Дінислам (Есет батыр)
3. Сахан Мухтархан (Шымкент)
3. Жақсылық Мардан (Алматы)
67кг
1. Аскарбек Абдуғазис (Қырғызстан)
2. Марс улу Эрлан (Қырғызстан)
3. Жексенов Арсен (Қырғызстан)
3. Молдакулов Зинар (Қырғызстан)
72 кг
1. Ерғали Олжас (Қарағанды)
2. Молдагараев Абду (Қырғызстан)
3. Маулетханов Мерей (Алм. обл)
3. Турсунов Расул (Алм. обл)
77кг
1. Жалелов Диас (Қостанай)
2. Қалтай Диас (Алматы)
3. Делолио Владислав (Қарағанды)
3. Сұңғат Бибарыс (СҚО)
82кг
1. Турсунов Дамир (Алм. обл)
2. Аданзов Мухаммед (Қырғызстан)
3. Әбілда Айдын (Есет батыр)
3. Алибаев Есмурат (Алм.обл)
87кг
1. Жумабек Жениш (Қырғызстан)
2. Аймуханов Медет (Есет батыр)
3. Бычков Илья (Қостанай)
97 кг
1. Ертлеу Темірбек (Жамбыл)
2. Смагулов Руслан (Қостанай)
3. Бержанов Рахат (Есет батыр)
3. Мациев Иусуф (Қостанай)
130кг
1. Қыдырбай Нуртас (Шымкент)
2. Сарсынбаев Н (Жамбыл)