5 қазан күні Ақтөбе қаласында жүзуден ҚР Чемпионаты басталды.

5 қазан күні Ақтөбе қаласында жүзуден ҚР Чемпионаты басталды.

5 қазан күні Ақтөбе қаласында жүзуден ҚР Чемпионаты басталды. Жарыстар «Достық» су спорты орталығында өтіп жатыр.
Ел біріншілігінің ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гончаров Евгений Владимирович қатысып, спортшыларға дода алдында сәттілік тіледі.

Чемпионатқа ҚР облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары құрама командалары қатысуда.

Барлығы 20 команда, 242 спортшы. Оның ішінде 156 ерлер, 86 әйелдер.

Чемпионат 8 қазан күніне дейін жалғасатын болады.