НҰРҚАНАТ АЖИКАНОВ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

НҰРҚАНАТ АЖИКАНОВ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Нұрқанат Ажиканов ТМД елдерінің алғашқы ойындарының чемпионы атанды. Каратисті әуежайда достары мен туыстары қарсы алды, олар оны жеңісімен құттықтады. Бұған дейін Токио Олимпиадасында өнер көрсеткен Нұрқанат әлемнің 10 елінен келген үздік каратэшілер қатысқан жарыста алтын медальға ие болды. 75 келі салмақта өнер көрсете отырып, біздің спортшы татамиде үш кездесу өткізіп, барлық жекпе-жекті айқын басымдықпен жеңіп алды. Сонымен қатар, Мәдина Әлімжанова 50 келі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, 4-11 қыркүйек аралығында Қазанда өткен жарысқа 2 мыңнан астам делегат қатысты. Спорттың 16 түрінен 184 медаль жиынтығы ойнатылды. Қазақстан құрамасы 18 алтын медаль жеңіп алып, турнир кестесінде жалпыкомандалық төртінші орынға ие болды.