АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Ақтөбе қаласы 9 қырқүйек 2021 жыл
Интеллектуалдық спорт түрлері бойынша сағат: 14.00
ОМБЖСМ мәжіліс залы
Әбілқайыр хан даңғылы, 56б
Модератор: Шумекеева Роза Салыковна, басқарманың ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы.
Интеллектуалды спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (Әбілқайыр хан даңғылы, 56б) облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, белгілі бірқатар спорт саласы мамандары, танымал ардагер спортшылар, жергілікті спорт федерациялары өкілдері, спортшылар және жаттықтырушы-оқытушылардың қатысуымен өткен отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауы, пандемиядан кейінгі ауыр кезеңде спорт саласының одан әрі дамуы, бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған бастамалар кеңінен талқыға түсті.
Кездесу барысында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Қуандықұлы Сәрсембин Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша өз ойымен бөлісті.
Ақтөбе облысының джиу-джитсу федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әшім Қали, теннистен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Наталья Сокольская, қысқы спорт түрлері бойынша облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Тұрғанбай Аймағанбет облыс спортының дамуын талдап, бағаларын, ұсыныстарын берді.
Басқосудың соңында отырыс-кездесу нәтижесінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан арнайы іс-шаралар қабылданатыны айтылды.