«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» МКҚК директорының бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды.

«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» МКҚК директорының  бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды.

«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» МКҚК директорының  бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды.

Орналасқан орны: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40,  № 639а кабинет. Анықтама үшін телефон: 8(7132) 56-67-83.  

«Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» МКҚК қызметінің мәні: мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Паралимпиалық, Паралимпиалық емес және Сурдолимпиалық спорт түрлерін дамыту,  мүгедектердің кез келген санатының ерекшелігін ескере және мүгедектер спортын сақтай әрі қорғай отырып, халықаралық мүгедектер қозғалысына отандық мүгедектер спортының қосылуына жәрдем көрсету, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға және Паралимпиалық және Сурдлимпиалық ойындарға қатысу, мүмкіншіліктері шектелген балалар арасында «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша бұқаралық-спорт жұмыстарын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спортты насихаттай отырып, Ақтөбе облысы спортшылары мен командаларының кәсіби деңгейін арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Паралимпиадалық және Сурдлимпиалық ойындарға спорттық лицензиялар ұтып алу үшін жағдай жасау.

Лауазымдық міндеттері:

Кәсіпорының өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, спорттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады, спортшыларды даярлаудың бағдарламасын және жоспарын орындау жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы құрамының жұмысын сондай-ақ оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді үйлестіреді. Жоспарлар, бағдарламалар мен жобаларды жасау мен жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет саласында олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді. Спорттық топтарды жасақтауды қамтамасыз етеді, оқу топтарының сабақ кестесін, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құру жұмыстарын жүзеге асырады. Жаттықтырушылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оқу-жаттығу процесін оқытудың және өткізудің әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, дене шынықтыруды және спортты насихаттау және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Спортшылардың оқу-жаттығу процесін орындауын, оқу бағдарламаларының талаптарын орындауын қамтамасыз етеді, спортшылардың дайындық деңгейін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді, медициналық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді. Спорт түрлерінен федерациялармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ұйымдағы спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіреді. Спортшыларды дайындаудың перспективалық, ағымдағы және жеке жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырын бекітеді, спорт түрлері бойынша ұйым спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары нәтижелерді қамтамасыз етеді, құрылымның және штат кестесінің өзгеруі бойынша ұсыныстар енгізеді. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық жағдайды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады.  Шарттар жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есепті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда мүліктік мүдделерін қорғайды және өкілеттік етеді.

Білуі тиіс:       Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексі»;

 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы;

 «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы;

 «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы;

дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесінің мазмұны «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген;

педагогика, психология, физиология негіздері.

            Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

«педагогика» немесе «құқықтану» немесе «экономика» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;

 басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде  «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-не тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзеді.