U15 ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА АҚТӨБЕ ҚҰРАМАСЫ ІІ ОРЫН АЛДЫ

U15 ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА АҚТӨБЕ ҚҰРАМАСЫ ІІ ОРЫН АЛДЫ

Алматы облысы Жаркент қаласында грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Наурыздың 15-і басталған жарысқа еліміздің барлық аймағынан құрамалар қатысты. Аслан Қуанбаев бастаған Ақтөбе құрамсының қанжығасы майланып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.  Еске салайық, былтырғы чемпионатта да аймақ құрамасы күміспен қайтан еді.  

Жарыстың алғашқы күні облыс құрамасының мүшесі - Мұқан Бекнұр 41кг салмақ дәрежесінде 6 белдесу өткізді. Бекнұр ақтық сында командаласы, ақтөбелік Мұханбедсадық Ердиасты ұпай санымен ұтып, өз салмағында ҚР чемпионы болды. Ал Ердиас ел біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді.

62кг. Төлендік Айдынғали 5 кездесу өткізіп, өз салмағында чемпион болды. Ал  52 келіде күрескен Қалмағанбетов Қазыбек 3 орын алды. Қазыбек боз кілемде 5 кездесу өткізді. Ауыр салмақта (100кг) Қарашаев Сұлтан ел біріншілігінің қола жүлдесін иеленді. 44 кг салмақта күш сынаған Бекет Айдын күмістен алқа тақты.

35 кг Мамбет Шынгыс, 44 кг Нурдаулетов Мирас, 48 кг Жанибек  Жаңажолұлы  сынды спортшыларымыз үздік үштікті түйіндеп, қоланы місе тұтты.