ТҮРКІСТАНДА АУДАРЫСПАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА АУДАРЫСПАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Аударыспақтан «Түркістан облысы әкімінің кубогіне» арналған ашық республикалық турнир өтті. Ұлттық спорттың көшін бастаған спорт түрінен өткен жарысқа еліміздің ең таңдаулы деген балуандары қатысып, бақтарын сынады

Биылғы турнирдің ережелері өзгерген. Өткен жылы төрт салмақ дәрежесі бойынша балуандар жекелей күш сынасса, биыл сегіз салмақта командалық жеңімпаздарды анықтады. Жарыстың ең басты мақсаты - ұлттық спортымызды өскелең ұрпаққа дәріптеу.

Көптен күткен дүбірлі додаға спортшылар да асқан дайындықпен келіп, жарыс көркін қыздырды. Сайыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының спортшылары жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда:
1 орын  Азамат Серғазин ,
1 орын  Шыңғысхан Ержанов ,
3 орын  Арман Сагынбаев.