БЕКСҰЛТАН ЕРНҰР ШЫҒЫС ЕУРОПА ҚҰРЛЫҚТЫҚ КУБОГІНДЕ ЕКІ АЛТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

БЕКСҰЛТАН ЕРНҰР ШЫҒЫС ЕУРОПА ҚҰРЛЫҚТЫҚ КУБОГІНДЕ ЕКІ АЛТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Ақтөбелік шаңғышы Ернұр Бексұлтан Шығыс Еуропа құрлықтық кубогін жеңіп алды. Жарыстың екінші күні Бексұлтан 20 км-ге еркін стильде жарысып, мәре сызығын бірінші болып кесті

Жарыстың бірінші күні Бексұлтан Ернұр 15 шақырым да классикалық стильде чемпион болды.

Бұл ақтөбеліктердің қысқы спорт түрлері бойынша ең үздік көрсеткіші.

Шығыс Еуропа құрлықтық кубогі Алматы қаласында өтіп жатыр. Оған еліміздің әр түкпірі мен Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Морокко елдерінен 100-ден астам спортшы қатысты.

Айта кетейік, ересектер және жастар арасында өтіп жатқан Шығыс Еуропа құрлықтық кубогіне Ақтөбеден тек үш спортшы қатысты.