БОКСТАН 2005-2006 ЖЫЛЫ ТУҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ.

БОКСТАН 2005-2006 ЖЫЛЫ ТУҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ.

БОКСТАН 2005-2006 ЖЫЛЫ ТУҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ.

Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында  ұйымдастырылуда. Пандемияға байланысты санитарлық нормалар қатаң сақталып,  жарыс көрермендерсіз өтеді.

Біріншілікке еліміздің барлық облысы мен Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласының құрамалары қатысуда. 14 салмақ дәрежесінде 284 ден астам спортшы өзара мықтыны анықтайды. (44кг, 46 кг , 48 кг , 50 кг, 52 кг, 54 кг, 56 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 80 кг +) Олардың арасында республикалық, халықаралық додалардың жеңімпаздары бар.

Чемпионатта жеңімпаз болғандар  ұлттық құрама сапына алынады. Іріктелген спортшылар Азия және Әлем чемпионатына барады. Жарыс қаңтардың 31-і мен 6-шы ақпан аралығында «Жекпе-жек» спорт сарайында 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР біріншілігі өтеді.

2019 жылы аталмыш чемпионат Жамбыл облысы, Шу қаласында өтті. Ақтөбелік жас боксшылар 1 алтын, 2 күміс жеңіп алды. Ал жалпы командалық есепте бас жүлдені Жамбыл облысы иеленген. Күміс тұғыр шымкенттіктерге бұйырса, үздік үштікті Алматы облысы түйіндеген.