Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

Ақтөбеде шаңғы роллер трассасы ашылды. Жоба мемлекет қолдауымен салынды. Құны 840 млн теңге. Аумағы 52,362 гектар.

Базаның берер мүмкіндігі мол. Өңірде қысқы спорт түрлерін дамытуға ауа-рай да, спорт кешені де қолайлы. Мұнда шаңғы спортын, қысқы президенттік көпсайысты және спорттың өзге де түрлерін дамытылмақ.

Бүгінгі күні қысқы спорт түрлері бойынша №4 ОМБЖСМ-де 330 жас спортпен шұғылданады. Кешеннің салыну олардың арманына қанат байлады. Су жаңа кешенде:

Ені 9 метр 1,3; 1,6; 2,5; 3,3; 3,75 шақырым шаңғы;

Ені 6 метр болатын 2,5 шақырымдық шаңғы роллер трассалары бар.

Айта кетейік, бұл Қазақстандағы қысқы спорт түрлеріне арнап салынған Алматы және Ақмола облысынан кейінгі 3-ші нысан. Спортшылар мен спортты жанына серік ететіндер үшін барлық жабдық жасақталған.

Жаңа нысанның ашылуына Мәдениет және спорт министрі А.Р.Раимкулова қатысып, ғимараттың ішін аралады. Ісі сапар барысында министр: «Бұл спорт нысанының ашылуы өңір басшысының президент тапсырмасын орындаудағы кешенді тәсілінің тамаша мысалы. Шаңғы роллер трассасы әр өңірде жоқ. Бұл үлкен жетістік, соның арқасында спортшылар жылдың кез келген мезгілінде спорттың қысқы түрлеріне дайындала алады»,- деп Ақтөбе облысында қабылданып жатқан шаралардың нәтижесіне оң бағасын берді.

 

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мәртөк ауданынының Мәртөк ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. 160 орынға арналған спорттық нысанның құрылысы 323 млн. теңгеге шықты.

 

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені футзал, волейбол, баскетбол, шығыс жекпе-жегі бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған. Бассейн скиммерлі су айналым жүйесімен жабдықталған.

 

Іс сапар кезінде Ақтоты Райымқұловаға 2020 жылы Ақтөбе қаласындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебі жанынан пайдалануға берілген мүмкіндігі шектеулі балаларды «иппотерапия» әдісімен оңалтуға және емдеуге арналған атқорасы бар жабық манеж көрсетілді. Бүгінде облыста мүмкіндігі шектеулі 3 мыңнан астам бала тіркеуде тұр, 300-ге жуық бала ай сайын манежде ем қабылдайды.

Штатта психолог, реабилитолог дәрігер, 11 нұсқаушы, иппотерапия мен бейімдейтін дене шынықтыру жаттықтырушысы жұмыс істейді.

 

ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

Өнер орталығында мәдениет және спорт саласының қызметкерлерімен өткен кездесуде Ақтоты Райымқұлова ҚР Президентінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы негізгі сәттерге тоқталып, әдебиет және өнер қайраткерлерін, дарынды жастарды қолдау, қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, мәдениет және өнер мекемелерінің ұжымждарын ынталандыру және т.б. бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.  Кездесу соңында министр мәднениет және спорт саласының 18 үздік өкіліне ведомстволық марапаттарын табыс етті.

 Өңір спортының дамуына зор үлес қосып, елеулі еңбек етіп келе жатқан 6 адам министр қолынан марапт алды.

1.ДЖИЕМБАЕВ АЙДАР БАЙНАЗАРҰЛЫ

«Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (атақты спортшылар - Асхат Шахаровтың, Саламат Утарбаевтың,  Рустам Ибраевтың жеке бапкері); 

 

2.НҰРМАХАНОВ БАУЫРЖАН НҰРСҰЛТАНҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (Нұрислам Санаевтың, Юсуп Батырмурзаевтың жеке бапкері);

 

3.ЖҰМАҚҰЛ ДҮЙСЕНБІ САҚЫПҰЛЫ

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Халық ағарту ісінің үздігі, «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қызметкері»;

 

  1. ЮРЧЕНКО ВАСИЛИЙ АНАТОЛЬЕВИЧ

Футболдан халықаралық дәрежедегі  Төреші,Теннистеноблыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары; 

 

  1. ШУМЕКЕЕВА РОЗА САЛЫҚҚЫЗЫ

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы;

 

6.АЙМАҒАНБЕТ ТҰРҒАНБАЙ ҚОЖАЙҰЛЫ

Қазақстан Республикасының«Құрметті спорт қызметкері», Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

 

Жекпе жек сарайында өңірдегі спортты дамытудың нәтижелері айтылды.  Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров Президент тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылы 890 спорттық-бұқаралық шаралардың өткізілгендігін баяндады.

Оның ішінде 679-ы ауданда өтті. Спорттық ғимараттар желісін дамыту аясында Мәртөк, Байғанин, Темір және Хромтау аудандарында бассейні бар төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, тағы тоғыз дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кешен салу жоспарда бар. Ал 2022 жылға қарай әр ауданның дене шынықтыру-сауықтыру кешені болады.

Облыста балалар мен жасөспірімдерге арналған 31 спорт мектебі  жұмыс жасап тұр. Мұнда спорттың 44 түрін үйретеді, соның ішінде 24 олимпиадалық, бес ұлттық және 15 олимпиадалық емес спорт түрлері.

Былтыр 265 медаль жеңіп алынса, соның ішінде ҚР чемпионаттарында 224, халықаралық турнирлерде – 26, Азия чемпионаттарында – 15 медаль.