ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ

Сенбі, 13-ШІ ЖЕЛТОҚСАН. Мереке қарсаңында Темір және Байғанин ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды.


Облыс әкімі бастаған делегация алдымен мұнайлы өлкеге келді. Аймақ басшысы салтанатты шарада ауыл тұрғындарын құттықтады. Спорттық нысан жұрттың ұзақ кұткен тілегі еді. Ресми лентасы қиылып, ауыл жастарының игілігіне берілді.

Кешеннің аумағы 1 мың шаршы метрді құрайды. 600-ден аса ауыл баласы осы жылы әрі жарық кешенде жаттыға алады. Заман талабына сай жабдықталған спорт нысанына мемелекеттік қазынадан 450,7млн.теңге бөлінген.

Мұнда төрт зал және тренажер бөлмесі бар. Еркін күрес, дзюдо, бокс және ойын залы. Сонымен қатар 13 үйірме үшін де қолайлы жағдай жасалған. Ұлттық спорт түрлері де дамытылған. (баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, футбол, гір спорты, самбо, шахмат, шашка және қазақша күрес.) Шалғай ауылдан келетін жас спортшылар үшін жатын бөлмелер қарастырылған.

Мұнайлы өлкеде спортпен шұғылданатындардың қатары артқан. Ресми дерек бойынша 12 277 тұрғын өз саулығы үшін спортты жанына серік еткен. Аудандық БЖСМ -де 842 спортшы тұрақты жаттығу жасап, аймақтық, ел біріншілігінде жүлделі орындар иеленіп жүр. Сонымен бірге атақты спортшылар да осы қара шаңырақтан түлеп шыққан. Су жаңа кешеннің арқасында ауылдағы талантты жастардың жұлдызы жанатын мүмкіндігі туды. Сәйкеінше ішкі бәсекелестік артып, төртінші аймақ спортшыларының бәсі басым болмақ.

Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.