ХРОМТАУДА АНГАР ТИПТІ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ХРОМТАУДА АНГАР ТИПТІ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Жексенбі, 13 желтоқсан күні Хромтау ауданы Ақжар ауылында спорттық нысан пайдалануға берілді.  Облыс әкімі Оңдасын Оразалин кешеннің ашылуына қатысып, ангар үлгісінде бой көтерген спорттық ғимаратты аралады.

Кешен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды. Жоба құны 217,276 миллион теңге.  Ақжар халқының саны 3 мыңнан астам. Кешеннің аумағы 0,4500 га. Ангардың бірінші қабатында таеквандо, еркін күрес, қазақ күресі және тренажер залы жасақталған. Екінші қабатында ойын залы салынған. Ақжарлық жас спортшылар мұнда шағынфутбол, волейбол, баскетболдан жаттығу жасайды. Аймақ басшысы жас спортшылардың өнерін тамашалап, спорттық жабдықтар алуға 5 миллион теңге сертификат табыстады.

Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорбасқармасының баспасөз қызметі