ӘШІМ ҚАЛИ ШӘРІПҰЛЫ "ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРІ" МАРАПАТЫН АЛДЫ

ӘШІМ ҚАЛИ ШӘРІПҰЛЫ "ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРІ" МАРАПАТЫН АЛДЫ

ӘШІМ ҚАЛИ ШӘРІПҰЛЫ "ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРІ" МАРАПАТЫН АЛДЫ

Елордада ҚР Тәуелсіздігі күніне орай "ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРІ"  марапатын салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Ресми шараға Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының Президенті Кәрім Қажымханұлы Мәсімов қатсып, марапат иелерін құттықтады.

"Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісін жерлесіміз, қаламыздың құрметті азаматы Әшім Қали Шәріпұлы алды. Марапатқа лайық тұлға. Ел тәуелсіздік алған тұста ең бірінші көк байрағымызды Әлем алдында желбіреткен аңыз спортшымыз.  Бүгінде Әшім Қали Шәріпұлы өмірлік тәжірибесін шәкірттерімен бөлісіп, талай спорт саңлақтарын дайындап, мәртебелі іс атқарып келеді.

Әшім Қали Шәріпұлы каратэден КСРО, Еуропа және әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 5-дан, ҚР еңбек Сіңірген жаттықтырушысы.