
Қытайдың Ордос қаласында 16–18 сәуір күндері дзюдодан Азия чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жарқын нәтиже көрсетті.
Құрлық додасына 19 елден 197 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 18 дзюдошы өнер көрсетті, олардың бесеуі – Ақтөбе өңірінің өкілдері.
Жарыстың екінші күнінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Алмат Әділет сенсациялық жеңіске қол жеткізіп, Азия чемпионы атанды.
Финалда қазақстандық татами шебері Тәжікстан спортшысы Сомон Махмадбековті айқын басымдықпен жеңді. Айта кетейік, қарсыласы – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Бұл – Алмат Әділеттің ересектер арасындағы Азия чемпионаттарындағы алғашқы алтын медалі.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы соңғы рет құрлық біріншілігінде алтын жүлдені 2022 жылы жеңіп алған болатын.