Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

 Баланы спорт мектептеріндегі спорт секциаларына қабылдау қалай жүргізіледі?


Жауап: Баланы спорт секциясына жазу мемлекеттік қызмет болып табылады және оны барлық балалар пайдалана алады. Қабылдау спорт мектептері (БЖСМ) арқылы жүзеге асырылады.
Құжат тапсыруға баланың ата-анасының бірі немесе заңды өкілі құқылы.
Құжаттар спорт мектебіне қағаз жүзінде тапсырылады. Егер бала іріктеуден өтсе, келесі құжаттар қажет:
Өтініш (сол жерде толтырылады);
Ата-анасының немесе қамқоршысының жеке куәлігі (немесе «Цифрлық құжаттар» сервисі арқылы электрондық нұсқасы);
Баланың туу туралы куәлігі;
Медициналық анықтама (№ 027/у нысаны).
Құжаттарды спорт мектебіне қағаз жүзінде тапсырады.
Маңызды ерекшелігі:
Әр спорт түрінің ережесі бойынша алдын ала іріктеулер (нормативтер тапсыру) өткізіледі. Спорт мектебіне тек осы іріктеуден сәтті өткен балалар ғана қабылданады.