«Dara Bala» бағдарламасы бойынша баланың спортпен шұғылдануы үшін ваучерді қалай алуға болады?
«Dara Bala» бағдарламасы бойынша ваучер алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер бағдарламаның ақпараттық жүйесі арқылы өтінім беруі қажет. Ол үшін келесі қадамдарды орындау керек:
«Dara Bala» бағдарламасының платформасына тіркелу.
Бала айналысатын бағытты (спорт түрін) және ұйымды немесе секцияны таңдау.
Ваучер алуға онлайн-өтінім беру.
Өтінім мақұлданғаннан кейін балаға таңдалған спорт секциясына тегін қатысуға мүмкіндік беретін ваучер беріледі.
Ваучерлер балаларға белгіленген орын саны мен қаржыландыру шегінде ұсынылады. Бос орындар болмаған жағдайда, өтінім кезекке қойылады. Кезек бойынша ілгерілеуді ата-ана бағдарламаның ақпараттық жүйесі арқылы тексере алады. Кезек өтінімдердің берілген күніне және бос орындардың бар-жоғына байланысты ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде қалыптасады және реттеледі.