МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі.
1. "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу"
2. Спортшы, жаттықтырушы және төрешілердің еңбегіне сай дәреже беру.( "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі сынды біліктілік дәрежесін беру)
3. "Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған"  мәртебесін беру"
4. "Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру"

"Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарға құжаттар қабылдау"

"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау"
Соңғы екі қызметті спорттық мектептер көрсетеді.

Мемлекеттік қызметі алушы алдымен тиісті құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырады. Электронды жүйе бойынша  азаматтың не федерация немесе спорт мектебі жайындағы ақпарат пен материалдар  электронды жүйде қабылданды. Әрі қарай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жолданады. Арнайы құрылған комиссия құжаттарды қабылдап, талдап шешім шығарады.