Ақтөбеде баскетбол семинары өз мәресіне жетті!

Ақтөбеде баскетбол семинары өз мәресіне жетті!

12–14 қыркүйек күндері «Қоныс» спорт сарайында халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы, Elite Athletes компаниясының негізін қалаушы әрі әлемдік турнирлердің ұйымдастырушысы Йорик Майклс шеберлік сабағын өткізді.

Ашылу салтанатында облыс әкімі Асхат Шахаров осындай бастамалардың жастардың кәсіби дамуына және өңірдегі спорт саласының өркендеуіне қосатын үлесін ерекше атап өтті.

Үш күн бойы 80 жас спортшы мен 10 жаттықтырушы қарқынды техникалық және ойын жаттығуларына, білім беру семинарлары мен шеберлік сабақтарына қатысты.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Сонымен қатар, жаттықтырушылар арасынан үздік әрі белсенді екі маман халықаралық сарапшының кәсіби даму жобасына қатысуға арнайы сертификатқа ие болды.

Бұл семинар Ақтөбедегі баскетболдың дамуына жаңа серпін беріп, жас буынға үлкен шабыт сыйлады!