Жаңажол Қуанышбек – Әлем чемпионы!

Жаңажол Қуанышбек – Әлем чемпионы!

Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан U17 Әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған Ақтөбелік спортшы жеңіске қол жеткізді!

Грек-рим күресінен 45 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Жаңажол Қуанышбек Болгария, Молдова, Иран спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, финалда Қырғызстан балуанынан басым түсті. Жаңажол Қуанышбекті және оның бапкерлерін Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ел мерейін өсіріп, көк Туымызды биікте желбіреткен спортшыға алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!