Ақтөбеде қысқы спорт түрлеріне қызығушылық артуда!

Ақтөбеде қысқы спорт түрлеріне қызығушылық артуда!

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мұз аренасына барып, бапкерлермен кездесіп, жастардың қысқы спорт түрлеріне қызығушылығының артып келе жатқанын жеткізді.

Ол жас спортшылардың жаттығу жағдайларымен, аренаның жабдықталу деңгейімен және секциялардың көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін қолжетімділігімен танысты.

Бапкерлердің айтуынша, хоккей, мәнерлеп сырғанау және басқа да қысқы спорт түрлерімен айналысқысы келетін балалардың қатары күн санап артып келеді. Олар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: кең киім ауыстыратын бөлмелер, заманауи жабдықтар, білікті жаттықтырушылар бар. Бүгінде Ақтөбеде қысқы спортпен айналысу үшін басқа өңірлерден көшіп келген 10 отбасы тұрады. Бұл отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде.

 

«Бізде жастар құрамасы мықты. Балалар жүлде үшін таласа алады. Ересектерге сәл қиын болады, өйткені көптеген командалар легионерлермен күшейіп жатыр. Дегенмен бізде де әлеует бар. Жастар құрамасын өзіміздің ойыншылармен толықтыра аламыз», – деп атап өтті «Облыстық шайбалы хоккей федерациясы» ҚБ президенті Бақытжан Жаманқұлов.