Кейбір басшылардың жаңа лауазымдарға ауысуына байланысты, бірқатар кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылды:
📌 2025 жылдың 14 шілдесінен бастап Жәнібекова Ольга Советбайқызы «Облыстық №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры лауазымына тағайындалды.
Ольга Советбайқызы — спорт саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Ол 2004 жылдан бері жаттықтырушы, әдіскер, директордың орынбасары, сондай-ақ Қобда аудандық БЖСМ директоры бірқатар жауапты лауазымдарды атқарып, мол тәжірибе жинақтады.
🏅 Еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 🔰 Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісінің иегері.
📌 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап Жетимеков Еркин Тлешович «Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ директоры лауазымына тағайындалды.
Еркин Тлешович — дене шынықтыру және спорт саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман. Ол еңбек жолын 2002 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде дене шынықтыру кафедрасында бастады.
Университет қабырғасында стажерден бастап кафедра меңгерушісіне дейінгі жолды өтті.
Сонымен қатар, ол дзюдо және белбеу күресі бойынша жаттықтырушы қызметтерін атқарып, шәкірт тәрбиелеуде мол үлес қосты.
2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
🎖 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы,
📚 Ассоциирленген профессор ғылыми дәрежесінің иегері.
2023–2025 жылдары «Достық» су спорт түрлеріне мамандандырылған облыстық БЖСМ директоры қызметін атқарды.
📌 Бектұрлиева Ләззат Амангелдиевна «Достық» су спорт түрлеріне арналған облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі КММ-нің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады.
Ләззат Амангелдиевна — тәжірибелі ұйымдастырушы және спорт мектебі жүйесінде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан маман. Ол еңбек жолын 1999 жылы аудармашы болып бастап, кейін әдіскер, ал 2011 жылдан бастап оқу ісінің меңгерушісі ретінде түрлі спорт мектептерінде еңбек етті.
Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәртіп пен сапаға мән беретін тәжірибелі кадр ретінде танымал.
Жаңа қызметеріне сәттілік тілейміз!