Ақтөбеде «Аула лигасы – 2025» басталды!

Ақтөбеде «Аула лигасы – 2025» басталды!

Жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында Ақтөбеде алғаш рет «Аула лигасы – 2025» футбол чемпионаты бастау алды!

5 шілде күні алғашқы ойындар өтті, ал 6 шілдеде турнирдің ресми ашылу салтанаты өтті.

Қала бойынша 4 нүкте белгіленіп, 16 ауданнан 480-ге жуық бала, 32 командаға бөлініп, тартысты ойын көрсетуде:

* №78 мектеп стадионы — Есет батыр, Қызылжар, Жібек жолы, Рауан
* №3 мектеп алаңы — Курмыш, Сүт зауыты, Мәскеу, Көктем
* «Ақбөбек» мектебі — Алтын Орда, Шанхай, Жастар, 5 м.а.
* №35 мектеп алаңы — Сазды, 8, 11, 12 м.а.

Қатысушылар екі жас санаты бойынша бақ сынауда:
* 1-топ: 2015–2017 ж.т.
* 2-топ: 2012–2014 ж.т.

Бұл жоба — жаз мезгілінде балалардың бос уақытын пайдалы әрі белсенді өткізуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама.

Аула лигасы – бұл тек ойын емес, тәрбие, бірлік пен достықтың мектебі!