Алматы қаласында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жастар мен жасөспірімдер арасындағы дзюдо бойынша Азия Кубогы өз мәресіне жетті.
⠀
Аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған ақтөбелік спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, лайықты нәтиже көрсетті:
⠀
🥇 Ержанов Ерасыл – 66 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, алтын медаль жеңіп алды.
⠀
🏅 Киштанбаев Алмат – қызу тартысқа толы белдесулер нәтижесінде 5-орынға ие болды.
⠀
Бұл – жастарымыздың үлкен мақсатқа бастар алғашқы қадамы. Ақтөбелік дзюдошыларға алдағы жарыстарда тек жеңіс пен сәттілік тілейміз!