KazChess Awards 2025 үздік филиалы — Ақтөбе облысы

KazChess Awards 2025 үздік филиалы — Ақтөбе облысы

KazChess Awards 2025 үздік филиалы — Ақтөбе облысы.

28 мамыр күні Қазақстан шахмат федерациясы шахмат қауымдастығының ең үздік өкілдерін үшінші рет марапаттады. Бұл — жай ғана ойыншылар емес, өз ойынымен шабыттандырып, халықаралық аренада жарқын жеңістерге жетіп, Қазақстанның зияткерлік спорттағы беделін нығайтып жүрген жандарға берілетін ерекше марапат.

KazChess Awards 2025 үздік филиалы болып Ақтөбе облысы танылды — бұл өңір соңғы жылдары қарқынды даму көрсетіп, керемет нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Жергілікті жаттықтырушылардың еңбегі, биліктің қолдауы және шахматшылардың табандылығының арқасында Ақтөбе облысы нағыз таланттар ұстаханасына айналуда.